S7 әуе компаниясының рейсі Новосибирск – Баку бағыты бойынша ұшқан еді.
Mash Telegram-арнасының жазуынша, ұшақ Қазақстан аумағынан өткен кезде кері бұрылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, әуе кемесі Омбы қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болғаны жайлы дерек бар. Көп ұзамай бұл оқиғаға қатысты видео да жарияланды.
Оқиға Қазақстан әуе кеңістігінде тіркелді. Экипаждағы жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ұшақты дереу кері бұру туралы шешім қабылданғаны айтылады.
– Борттағы жолаушылардың бірінің жағдайы кенеттен нашарлап кетті, – делінген хабарламада.
Жаза кеткен жөн, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Бейжің әуежайына шұғыл қонған болатын.
Әуе кемесі 2026 жылдың 8 қаңтарында Сеул – Астана бағытындағы KC210 рейсін орындаған сәтте осындай жағдайды тіркеді. Компанияның мәліметінше, ұшақтағы барлық дәретхананың істен шығуына байланысты әуе кемесі Қытай астанасындағы әуежайға қонған.