Азаматтық авиация басқармасы қалыпты қозғалыс режимі қайта қалпына келтірілгенін және барлық сақтық шараларының күшін жойғанын мәлімдеді.
Осыған қарамастан, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кеңістігі тұрақты бақылауда болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Барлық уақытша шектеулер алынып тасталып, рейстер қалыпты режимде орындала бастады.
Еске салайық, 8 сәуірде күшіне енген атысты тоқтату келісімі аясында содан бері Әмірліктер аумағында зымыран және дрон шабуылдары тіркелмеген.
Әуе тасымалы да біртіндеп жанданып келеді. Атап айтқанда, Emirates компаниясы рейстер жүктемесін соғысқа дейінгі деңгейдің шамамен 80%-ына жеткізді. Сонымен қатар, өңірге ұшуды уақытша тоқтатқан өзге де халықаралық әуе компаниялары қызметін қайта іске қосып жатыр.