Алматы қаласының әкімдігі мәлімдегендей, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталып көлік қозғалысы ашылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа жол бөлігі Құрылысшылар көшесінен қала шекарасына дейін созылып жатыр, ұзындығы — 600 метр.

Жалпы жаңа жолдың ұзындығы 5,3 шақырымды құрайды, ол Бауыржан Момышұлы көшесінен басталады. Даңғыл бойында алты жолақты жол, Қарғалы өзені арқылы көпір және Ашимов көшесімен қиылыста жолайрық салынған.

Тротуарлар, веложолақтар мен айналасын абаттандыру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, Монке би көшесінің де ұзартылуы аяқталған. Ал Рысқұлов даңғылы мен Саин, Солтүстік айналма және Тлендиев көшелеріндегі жұмыстар жалғасып жатыр.

Қай көшелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр?

31 мамыр – 20 шілде: Бөгенбай батыр көшесінде Бруно мен Аносов көшелерінің аралығында қозғалыс екі бағытта шектеледі.

31 мамыр – 30 маусым: Котельников көшесінде Сейфуллиннен Ақан Серіге дейін қозғалыс екі бағытта шектеледі.

30 мамыр – 15 тамыз: Бухар Жырау бульварының солтүстік жағы, Байтурсынов пен Марков көшелерінің арасы толығымен жабылады.

1 маусым – 20 тамыз: Сәтпаев көшесінде Масанчи мен Байтурсынов көшелерінің арасы екі бағытта жабылады.

2 маусым – 20 тамыз: Габдуллин көшесінде Римский-Корсаков пен Нахимов көшелерінің арасындағы бөлік екі бағытта жабылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget