Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынған.
Жетісу облысының Қаратал ауданында полиция қызметкеріне күш қолданған Үштөбе тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға учаскелік инспектордың "102" пультіне түскен шақырту бойынша барған кезінде болған. Прокуратура мәліметінше, ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, оның бетінен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған және погондарын зақымдаған.
Сот шешімімен ер адамға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық өндірілген.
Жетісу облысының прокуратурасы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы заңсыз әрекеттер қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Үкім заңды күшіне енді.