Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 4 айда 280 жолаушылар пойызына тексеру жүргізген.
Елімізде жолаушылар пойыздарынан 569 заңбұзушылық анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру қорытындысы бойынша 88 билетсіз жолаушы және рәсімделмеген 1308 келі жүк белгілі болды.
Бақылау барысында вагондардың техникалық жағдайына, сервистік қызмет сапасына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын жолаушыларға жасалған жағдайларға назар аударылды.
Көлік министрлігі талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамның қатынауына жол бермеу үшін шара қабылданғанын мәлімдеді. Нәтижесінде 9 жолаушылар вагонының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Комитет жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.