Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды, деп хабарлайды 24KZ. Олар «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға тарихшылар, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. «Заманның заңғар тұлғалары жастардың жадында мәңгі сақталып, бабалар аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу аса маңызды», – дейді жиналғандар.

Орал Шәріпбаев, қоғам белсендісі:

- Жай ғана тарихты біліп қоймауымыз керек. Оны зерттеуіміз керек. Осылардың барлығын біз ұрпаққа жеткізуіміз керек. Саяси қуғын-сүргіндер, тотаритарлық жүйе болмаса екен, біздің еліміз тек қана бейбітшілікті қалайтын ел болса екен дейміз.