АҚШ президенті Дональд Трамп болат пен алюминий импортына баж салығын 50 пайызға дейін жеткізбек. Өзгеріс маусымның 4-нен бастап күшіне енеді. Пенсильвания штатында сөйлеген сөзінде Трамп тарифті америкалық болат өндірушілерді қорғау үшін өсіретінін айтты. Кейінірек әлеуметтік желіде жаңа тариф сәрсенбіде енгізілетінін жариялады. Бұған дейін Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық болат пен алюминийге 25 пайыздық баж салығын енгізген еді.

Арай Төлегенқызы