Адам иіс арқылы балалық шақтағы немесе белгілі бір оқиғамен байланысты естеліктерді қайта еске түсіре алады. Бұл «Пруст феномені» деп аталады.
Бұл құбылысты алғаш рет француз жазушысы Марсель Пруст «Сван тарапына» атты романында сипаттаған. Шайға батырылған мадлен печеньесінің дәмі кейіпкерге балалық шағын еске түсіріп, ерекше сезім тудырады. Яғни сіз таныс иісті қайта сезінгенде, рецепторлар ақпаратты иістер мен эмоцияларға жауапты ми бөлігіне өте жылдам жеткізеді.
Айым КҮЗЕМБАЙ,
ЕҰУ студенті