Хит әндердің орындаушысы, отадық әнші Ұланғасыр Қамиев ана туралы әнін неге айтпай кеткенін түсіндірді. Сөзінше, әнші ән авторымен сөзге келіспей қалған. Ол Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Астанадағы алғашқы кешім. 2023 жылы Алматыда алғашқы кешімді бергенмін. Содан кейін араға 1 жыл салып, 25 жас деп, той-концерт деп тұңғыш концертімді беріп қайттым. Көңілден шықты. Жақсы өткен сияқты. Халық лық толы болды. Шоу-концерт емес, той-концерт болды. Той- концерт болуының себебі, той деген – қазақтың қазынасы, қазақ бар жерде той бар, той бар жерде қазақ бар. Ол – халқымыздың тыныштығы. Кейбір жандар айтып жатады ғой тойды қысқарту керек деген сияқты, мен тіпті келіспеймін. Еңбегіңді бағалап, халыққа әнің ұнап жатыр. Тойға шақырады, концертке шақырады. Концерттен гөрі той көп қой. Нәпақаны бәрібір сол жерден тауып отырсаң, қалай мен тойды жамандаймын", — деді ол.

Ұланғасыр сұқбат барысында отбасы туралы, оның ішінде ағасы туралы да айта кетіп, концерті кезінде ол өзіне тосынсый жасағанын айтып кетті.

"Туған ағам Айдар қазіргі таңда ауылда тұрады, сол қара шаңырақта. Анам сол Айдардың қолында. Мал асырайды, аңға шығады. Таза ауылдың азаматы. Сол ағам келіп қалған екен концертке. Келмеймін деп айтқан негізі. Ол шоу жасап кетті. Дидар ағам үшеуміз концертте айтыстық. Айдар ағам осылайша тосынсый жасағысы келген ғой.

Әнші ана туралы әннің авторымен арадағы келіспеушілік жайлы да ойын жасырмады.

"Ана туралы ән бар еді. Кейін концертте әннің авторын айтпай кеткенмін, бірақ жазылады ғой. Соны неге айтпай кетті деп, анау-мынау деп, қызғанды ма, білмеймін енді. Кішкене дөрекілеу сөз айтып қойыпты. Өзіме тіке емес, естідім. Содан кейін "әнің өзіңе" деп әнін бетіне былш еткіздім. Содан кейін айтпай кеттім. Ана туралы ән сол болған негізі. Содан кейін әнін өзіне қайтарып бердім. Ал патриоттық әнді тыңдайтын құлақ жоқ қазір. Жазып жатырмыз негізі. "Жалғызым қазақ" деген әннің шыққанына 3 жыл болды-ау. Ол бір жыл тыңдалмай жатты. Ешкім тыңдаған жоқ оны. Ол қашан халыққа танымал болды? Су тасқыны кезінде танымал болды. Сол кезде TikTok-қа салды. Сөйтіп танымал болып кетті. Тыңдаса қайда қалды?", – деді ол.