Жаз басталғанда серуенге, демалысқа асығатындар көбейеді. Алайда онкологтар шамадан тыс күн сәулесінде жүру тері қатерлі ісігі дамуына әкеп соғатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде меланома емес тері қатерлі ісігінің 3 миллионнан аса жаңа жағдайы және меланоманың 130 мыңнан аса жағдайы тіркеледі. Бұл — ең ауыр қатерлі ісіктердің бірі.

Алматы Онкологиялық орталығының онкологы Назира Бижанованың айтуынша, ультракүлгін сәулелер, әсіресе, түстен кейінгі күн сәулесі тері жасушаларын зақымдауы, қатерлі ісік дамуына ықпал етуі мүмкін.

"SPF деңгейі жоғары күннен қорғайтын крем жағу, бас киімдер, иық пен қолды жабатын киімдер кию және сағат 11-16.00 аралығында күн астында жүрмеу — тиімді алдын алу шаралары. Бұлтты күндердің өзінде теріні ультракүлгін сәулелерден қорғау қажет. Қандай да бір белгі байқасаңыз, дерматологқа немесе онкологқа жүгініңіз", — деді маман.

Онкологтар бұл ауруды уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін тұрақты тексерістер екенін айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget