Астанада автобус апаты кезінде аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсетпек. Еске сала кетейік, 2 маусым күні бас қаладағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанаға соғылып, апатқа ұшыраған болатын.