Белгілі актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің екінші қызы мен ұлдарының сән әлеміне бет бұрғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Алаудың сән әлеміне бет бұрғанын көрсетті. Ол сондай-ақ екі ұлының да сахнаға шығып, өнер көрсеткенін мәлімдеді.

Десе де көпшілік актрисаның балаларды сахнаға шығаруына қарсы болған. Олар желіде Айдарбековтар отбасын қатаң сынға алған.

«Гүлзираның өзі, келіндері болып енді немерелері қалып еді», «Модель деген жіңішке болу керек қой, мына қыз томпақ қой», «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген осы шығар» деп жазып жатыр олар.