Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдат Қарасаевтың ісі Іле аудандық сотында судья Жанмұрат Батыровтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Бұрынғы аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, Бағдат Қарасаевтың 2024 жылы қыркүйекте ұсталғаны туралы хабарланды.

Кейін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты мән-жайды баяндады.

2025 жылы сәуірде тергеу аяқталып, қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.