Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Солтүстік Македонияға қарсы матчтан соң күтпеген шешім қабылдады. Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған ол, не үшін мұндай шешім қабылдағанын айта кетті, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

"Солтүстік Македонияға қарсы матч – менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным. Бұл менің және отбасыммен бірге ақылдасқан шешімім. Енді жастарға жол беру керек. Өйткені футбол – бәсекеге толы спорт. Қазір бұл туралы көп айтылып жатыр. Жалпы жас деген – тек паспорттағы сан. Бірақ мен қазір өзімді бұл орынды босатуға дайынмын деп санаймын. Бүгін ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынымды өткіздім. Енді футболдағы мансабымды клуб деңгейінде жалғастырамын. Барлық матчтар жүрекке жақын қабылдадым. Әсіресе "Астана Аренадағы" 30 мың жанкүйердің қолдауы – ұмытылмас әсер. Қолдаған жанкүйерлерге мың алғыс. Баршаңызға Алла разы болсын. Ұлттық құраманың бір бөлшегі болғаныма, капитаны болғаныма өте қуаныштымын. Рақмет!", – деді Асхат.

Айта кетейік, ойыннан кейін Асхат Тағыберген көз жасын жасыра алмай, жанкүйерлерімен қоштасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)