Балаларға Ұлттық қордан 13,3 млн теңге берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Ұлттық қор — балаларға» жобасының іске асу барысын сандармен сөйлетсек.

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры 13 млн доллардан астам қаржыға 109 мыңға жуық өтінішті орындап, азаматтардың банктегі шоттарына тиісті сомманы аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 8 млн долларға жуық қаржыға 64 мыңнан аса өтініш мақұлданған. Білім алу ақысын төлеу үшін бес жарым млндай долларға 45 мыңға жуық өтініш орындалды.

Азамат Бейбітұлы