3 күннен кейін бүкіл АҚШ бойынша президент Дональд Трампқа қарсы жаппай шерулер өтеді.

Бұл туралы жергілікті Axios ақпараттық сайты хабарлады. Наразылық акциялары АҚШ әскері құрылғанына 250 жыл толуына орай ұйымдастырылмақ. Мереке 14 маусымда аталып өтеді. Сол күні бүкіл ел бойынша 2 мыңдай шеру ұйымдастырылып, оған миллондаған адам қатысады деген болжам бар. Тіпті Колумбия, Германия, Ұлыбритания секілді елдерде де митинг өткізу жоспарланған. Оған 100-ден аса ұйым жауапты. Ал, Ақ үй әкімшілігі парад кезіндегі кез келген шеруге қарсы күш қолданатындарын ескертеді. 14 маусым – Дональд Трамптың туған күні. Ақ үй басшысы 79-ға толады.