Қарағанды облысы Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында орман алқабы тазартылды. 150-ге жуық «Жасыл Ел» белсендісі, еріктілер мен қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды жинап шықты. Сондай-ақ қала ішіндегі қоқыс үйінділері де арнайы техникамен тазартылды. 20 тоннадан астам қоқыс шығарылып, ескерту белгілері орнатылды.

Қайырым Шәмбіл, Шахтинск қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы:

Барлығымыз еліміздің тазалығына үлес қосамыз. Менің ойымша еліміздің қаламыздың тазалығын бақылау – барлығының азаматтық борышы.

Жандос Бақытұлы