Бүгін Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ипподромында еліміздің ат спорты чемпионатының 4-ші іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жарыс жеңімпаздары 200 мыңнан 4 млн теңгеге дейін қомақты жүлделер алды.
Солтүстік Қазақстан облысының намысын 13 спортшы қорғады. Соның ішінде жорға жарысынан Әлия Тоқтасынова мінген Град Лок жүйрігі екінші, ал Андрей Ровдо тізгіндеген Триумф үшінші орын алды. Жүлделі орын алған жеңімпаздар республика чемпионатына жолдама алды.
Солтүстік Қазақстан облысы