АҚШ президенті Дональд Трамп жергілікті тұрғындарды Тегераннан тез арада кетуге шақырды.
Ол бұл үндеуін "Тру Соушәл" ((Truth Social)) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Онда "Иран мен айтқан мәмілеге қол қоюы керек. Бұл не деген масқара! Адамдар босқа қырылып жатыр. Жұмсартып айтқанда, Иран ядролық қаруға ие бола алмайды. Мұны мен сан қайтара айттым. Тегераннан бәрі тез арада кетсін" делінген. Сондай-ақ "Си-Эн-Э"н ((CNN)) телеарнасының мәліметі бойынша Трамп өз әкімшілігіне Иран билігімен шұғыл кездесу ұйымдастыруды тапсырды.