Олжас Бектенов моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен кеңес өтті. Президенттің тапсырмасын ескере отырып, моноқалаларды дамытудың жаңа тәсілдері қаралды.
Екібастұз көп ұзамай моноқала мәртебесінен айырылуы мүмкін.
"Қазір Екібастұз экономикалық құрылымы әртүрлі, көпсалалы қалаға айналып келеді. Яғни ол үшін моноқала мәртебесі өзекті емес. Заманауи стандарттарға сәйкес келетін жаңа инфрақұрылымдық саясат құру бойынша жұмысты күшейту қажет", — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр тұрақты дамудың негізгі шарты жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау екеніне тоқталды.
"Ең басты мәселе – моноқалаларға инвесторлар тарту. Біз әр қалада аурухана, мектеп, стадион және басқа да әлеуметтік нысандар сала аламыз, бірақ жұмыс болмаса, ол жақта ешкім тұрмайды. Сондықтан инвесторлар тартуымыз керек, оларға жағдай жасау қажет", — деп тапсырды Үкімет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!