Еліміздегі ең ірі «Нұрлы жол» кеден бекетіне бір тәулікте 2500 мың көліктің кіріп-шығуына мүмкіндік бар. Қазір бұл жерде шақырымға созылған кезек жоқ. Сала толықтай жаңартылған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мамандар кедендік өткізу пункттерінде жүргізілген жаңғырту жұмыстары жайлы мәлім етті. Бүгінде елімізде 47 өткізу пунктінің 41-не электрондық кезек жүйесі енгілген. Жаңашылдықтар нәтижесінде өту процесінің уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды. Бұл жылдам әрі тез қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Ғабит Оразов, ҚМ МКК Кедендік бақылау Департаменті директоры міндетін атқарушы:

Кейбір тұлғалар электрондық кезекте өз тіркеуін жасайды да, кейін өз тіркеуін алып тастап жатады. Сондықтан сондай тұлғаларға жол бермеу үшін алдыңғы тарапта автокөліктер номерімен жүйеде есептейтінбіз. Қазір оның шанақ номері, винкод номерімен интеграция жасап қойдық. Баламаларды өз тұлғалар тарапынан алынып тасталды.

Самал Қабышева