Петропавлда «Таза Қазақстан » акциясы аясында «Clear-FEST» спорттық-экологиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Шараға 50-ге жуық адам қатысып, қаладағы Алакөл көлінің жағалауын ретке келтіруден сынға түсті.

Жеті командаға бөлінген жастар 40 минуттың ішінде шашылып жатқан қоқыстарды жинап, өзара үздікті анықтады. Осылайша олар демалушыларға ой салып, халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Даяна Баймұқанова, қоғамдық бірлестіктің жетекшісі:

- Бұл фестиваль жыл сайын дәстүрле түрде ұйымдастырылады. Бірақ осы жолы оның форматын өзгерттік. Қатысушылар қоқыс жинаудан жарысу арқылы өзара бәсеке тудырды. Ал бәрінің ортақ мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау.