Қазақстандық дрон Өзбекстандағы орманды қайта қалпына келтіруге қолданылады.
Дрон Ташкентте өтіп жатқан халықаралық көрмеде таныстырылды. Одан бөлек онда отандық экологиялық стартаптар мен цифрлық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, экологиялық менеджментті цифрландыруға арналған жүйе, суды сүзетін органикалық сүзгі және микрогидропоника жүйесі келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде Қазақстан павильоны үздік деп танылып, арнайы сертификатқа ие болды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Бүгін біз Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және жасыл экономиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын көрдік. Ең бастысы, бұл елдердің ортақ мақсаты бар екеніне көз жеткіздік. Табиғатты сақтау арқылы азаматтар үшін қолайлы әрі жайлы жағдай жасай аламыз.