Сондай-ақ бүгін Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерді құттықтап, олардың қоғам мен мемлекет арасындағы маңызды рөлін атап өтті. Байқауға 100-ден астам жұмыс ұсынылған. Арнамыздың «Ақпарат» қызметінің тілшісі Азамат Нұғыманов « Үздік телематериал» номинациясы бойынша, ал видеооператор Советхан Жағиев «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі» үшін марапатталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Еліміз үшін қазір өте жауапты кезең. Президент бастамасымен кешенді реформалар жүзеге асырылып жатыр. Экономика саласында әртараптандыруға бағытталған үлкен кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кешенді жүйелі, жан-жақты реформалар жүзеге асырылып жатқан кезде Бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан қолду сүйемелдеу өте маңызды деп қабылдаймыз.

Динара Жарқынбек