Барселона тұрғындары қалаға туристердің көптеп келуіне қарсы бас көтерді , деп хабарлайды 24kz.

Наразы топ шетелдік саяхатшылар шаһар өмірін қиындатып, экологияға зиян келтіреді деп есептейді. Қоғамдық көлікке де артық салмақ түседі. Тұрғындар жұмысына жете алмай, үнемі кешігеді. Әсіресе, Гуэль саябағы орналасқан ауданда тұратындарға қиын. Туристер осы жерге міндетті түрде баруды қалайды. Оған жылына 4,5 миллион саяхатшы келеді. Ереуілшілер шамадан тыс туристер нөпірін шектеу үшін олардың санын 50%-ке қысқарту қажет деген ұсыныс айтты.