Биыл мамырда қылмыстан жалтарған 140-тан аса адамның жүрген жері анықталып, ұсталды, оның сегізі шетелде құрықталған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды. Олар Арыс ауданында жергілікті тұрғыннан 3,4 млн теңгеден астам қаржы мен автокөлікті күш қолдану арқылы бопсалаған.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы полиция департаментімен және Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің көмегімен Ташкент қаласында 22 жастағы тараздық тұрғын ұсталды. Ол 2022 жылдың аяғында танысын алдап, жалпы құны 24 млн теңгеден астам төрт автокөлікті иемденіп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатып жіберген.
Қылмыскерлерді іздеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары ведомство бақылауында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!