Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол биыл, 8 маусымға дейін, Қорғаныс министрі қызметін атқарған еді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Жанель Өтеулі