Үкімет Жетісу облысы Үштөбе қаласындағы жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін 210 млн теңге бөлді, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Былтыр қалада блок-модульді газ қазандығы орнатылған еді. Содан кейін ұзындығы 1,7 шақырым болатын магистральдық жылу трассасын жаңғырту қажеттілігі туындады. Жобаның жалпы құны 870 млн теңге. Бүгінгі таңда жұмыстың 76%-і аяқталды. Реконструкциялау тамыз айына қарай толығымен аяқталады. Нәтижесінде 30 мың халқы бар шаһардың бір бөлігі үздіксіз жылумен жабдықталады. Авариялық жағдай мен келеңсіз оқиғалар қаупі азаяды. Сонымен қатар орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың сапасы артады.