Актриса, продюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы

Журналист сүйінші хабарды Instagram парақшасында хабарлады.

"Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың — сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!", — деп жазды ол.

Оның бұл жаңалығына оқырмандары ақжарма тілектерін жаудырды.

"Құтты болсын, жерлесіміз. Құралай бақытты болсын. Бағы жансын", "Оо, құтты болсын! Сұлу қыздың бағы жансын", "Дұрыс айтасыз, Ләйлә ханым, бақыттың ерте-кеші жоқ. Менің жасым 44-те. Алла жазса, 05.07 күні ұзату тойым болғалы жатыр. Әр адам бақытты болуға лайықты!", "Бағы ашылсын, бақытты болсын!", — деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)