Астанада тағы да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 3 жолаушы қалалық ауруханада алғашқы көмек алған соң үйіне жіберілді. Ал, травматология орталығына жеткізілген жолаушының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. Жол көлік оқиғасына қатысты тергеп, тексеру амалдары басталды. Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше автобус жүргізушісі қиылыста «Форд» жеңіл көлігіне жол бермей, көлік апатына себепкер болған.

Тура 1 ай бұрын дәл осы Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болған еді. 15 адам зардап шегіп, 7 жасар қыздың екі аяғы да ампутацияланған. Қазір Алуа Бекен ұлттық оңалту орталығында ем алып жатыр. Полиция қозғаған қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы