Маңғыстау облысындағы ер адам суқұзғынды ұстап алды. Бұл сәт әлеуметтік желіде таралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбір қолданушылар ер адамның әрекетіне наразылық білдірді:

"Бұл құста не шаруларың бар?", "Бұл құсқа неге тиістіңіз? Тірі қалдыруға болмай ма?Аш жүрген жоқсыз ғой", "Адамдарғане болған?" — деп жазған олар.

Бұл жағдайға байланысты журналистер ECOJER қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі, биолог Әділбек Қозыбақовтан пікір сұрады.

"Бұл құс Қызыл кітапқа енбеген. Балық шаруашылығы дамыған аймақтарда суқұзғын зиянкес деп саналады, өйткені ол балықты көп мөлшерде жейді. Дегенмен оны жоюға болмайды. Ол - экожүйенің бір бөлшегі. Әсіресе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұя салатын болса, оларға тиісуге болмайды, өйткені олар экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Бұл жағдайда ер адамға ешқандай жаза қолданылмауы мүмкін. Бірақ нақты шешімді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының маманы қабылдайды. Балықшылар арасында суқұзғын — бәсекелес деген пікір бар. Кейбіреулер тіпті осындай құстар жойылса, соған қуанады", – дейді биолог.

Редакция маманнан ер адамның бұл әрекетке не себепті барғанын да сұрады.

"Бәлкім, ол әуесқой балықшы шығар, сондықтан суқұзғынды "жау" деп қабылдаған болар. Әлде мүлде балыққа қатысы жоқ адам, бос уақыты көп болып, еріккеннен осындай қадамға барған шығар. Қалай болғанда да, бұл дұрыс емес әрекет. Менің ойымша, мұндай құспен кәсіптік балық шаруашылығы жүргізілетін аймақтарда ғана күресуге болады", – деді Әділбек Қозыбақов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget