Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі мәліметінше, елордадағы әскери авиациялық база аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылуы салдарынан бір әскери қызметкер жарақат алған.
"Зардап шеккен әскери қызметкер дереу елордалық медициналық мекемеге жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты", – деді ведомство өкілі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!