Атырау облысы Қызылқоға ауданында шегіртке қаптады . Зиянкестер көптігінен көліктердің жүруі қиындаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындардың сөзінше, көшкен бұлттай топтасып ұшатын шегірткелердің көптігінен далаға шығудан қалған. Әсіресе, көлік жүргізушілеріне қиын, өйткені жәндіктер көліктердің салқындату жүйесін зақымдап, қозғалтқыштың қуыс-қуысын бітеп тастаған.
Ал жауаптылар бұл зиянкестерге қарсы күрес аяқталды, бөлінген қаржы толық игерілді деп отыр.
Биыл облыстағы 75 мың гектарға жуық жерді дәл осы жәндіктен тазалауға 200 млн теңге бөлінген.
"Шегіртке қаптаған Қызылқоға ауданының 38 мың гектар жерін де дәріледік", — дейді жауаптылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!