Былтыр 200 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесінен айырылып қалған. Себебі, жұмыс берушілер ұзақ еңбек демалысында жүрген қызметкері үшін тек бір айға төлем жасаған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі мәлімдеді. Заң бойынша 30 күннен көп демалыс алған маманға келесі ай үшін де қаржы аударылуы тиіс. Айтуынша, қазір бұл олқылықтар түзетілген. Барлық жеке меншік, мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жалпы, МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды есептеу және аудару туралы заңға былтыр сәуір айында өзгерістер енгізілген.
Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының кеңесшісі, ресми өкіл:
МӘМС-ке де төлемді екі айдыкін бөлек-бөлек төлем қылып көрсету керек. Ол дегеніміз құжатта жұмысшының аты-жөні екі рет көрсетілетін болады. Бір рет бірінші айдыкін, екінші қатарға екінші айдың төлемі көрсетіледі. Барлық есеп бөлімдерінің қызметкерлері білуге тиіс. Өйткені, түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Бірақ, әрине ескерту жасап қойған артық болмайды.
Асылбек Данияр