Пәкістанда тасқын құрбандарының саны артып барады. Кейінгі 2 аптада табиғат апатынан 104 адам опат болды. Олардың дені бала. Тағы 200-ге жуық тұрғын зардап шеккен. Әсіресе елдің солтүстік-шығысында Пенджаб пен солтүстік-батысындағы Хайбер-Пантунхва провинциясында құрбандар қатары көп тіркелді.

Жергілікті табиғат апатымен күрес басқармасы келтірген мәліметке қарағанда 26 маусымнан бері 400-ден астам үй бүлінген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Синоптиктер апта соңында тағы қолайсыз күн райы болады деген болжам жасады. Мұның соңы тасқынға ұласуы мүмкін. Билік құтқару бригадасына дайындықты күшейтіп, туристерге елден кетуге кеңес берді.