Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) ата-аналар комитетінің мүшелері Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін сотта көктемгі су тасқыны кезінде көрсетілген қайырымдылық көмеке байланысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.

Астанадағы НЗМ ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықова сотта 2024 жылдың сәуірінде мектеп оқушыларының ата-аналары 901 855 теңге жинап, оны қорға аударғанын мәлімдеді.

"2024 жылы мен физика-математика бағытындағы НЗМ ата-аналар комитетінің төрайымы болдым. Біз BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қорының жарнамалық науқанына сеніп, тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинауды бастадық. НЗМ ата-аналары маған сенім артты, ал ақшаның мақсатына сай жұмсалмағанын ескере отырып, мен бұл қаржы үшін толық жауапкершілік арқалағандықтан, оны өтеу керек деп санаймын. Бұл қор Instagram арқылы жиі жарнамаланды. Біз қарап, оның басқа да қайырымдылық істермен айналысқанын білдік", – деді ол.

Қуандықованың айтуынша, ата-аналар көмектесуге белсенді түрде үн қосқан, өйткені қайырымдылыққа қатысуды тәрбиенің бір бөлігі ретінде қарастырған.

"Екі айдың ішінде біз (аталған соманы – еск.) жинадық, алғашқы көмек көрсетушілер қатарында болу үшін асықтық", – деп қосты ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget