Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге бірқатар өзгеріс енгізілді. Оның ішінде: Израиль әскерін анклавтан толық шығару және тұтқын алмасу кезінде кепілдегі адамдардың саны екі тараптан да тең болуы шарт.
Яғни 10 палестиналық тұтқынның орнына, 10 израильдік еліне оралады. Сондай-ақ, Дохада өткен келіссөздер кезінде тараптар гуманитарлық көмекті жеткізу мәселесін де талқылады. ХАМАС Газаға көмекті гуманитарлық қорлар арқылы жібермеуді сұрап отыр. Келісімнің бұл нұсқасы екі тарапқа да берілді. Дегенмен әзірге ешқайсысы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Жалпы Газа секторындағы жағдайды реттеу туралы келіссөздер Мысыр, Қатар және АҚШ-тың арағайындығымен 6 шілдеде қайта жанданған еді.