Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.
"Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!" – деп жазды Президент.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз