14-16 тамыз аралығында Астанада таеквондодан G-1 санатындағы халықаралық турнир — Kazakhstan Open 2025 жарысы өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.
World Taekwondo халықаралық федерациясының ресми күнтізбесіне енген бұл турнир үш жас санатын қамтиды: кадеттер, жастар және ересектер. Беделді додаға 750-ден аса спортшы қатысатынын растады.
Жарысқа Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебедегі (AIN) спортшылар делегациялары қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде G-1 деңгейіндегі халықаралық турнирлер 2015 жылы (Алматы) және 2017 жылы (Атырау) өткен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!