«Таза Қазақстан» акциясының аясында Балқашта ерекше LED экрандар орнатылды. Онда қалада тазалық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны, қоқыс көлемі көрінеді. Алдағы уақытта көгалдандыру, жол жөндеу жайлы деректер де қосылмақ. Мақсат – қалада атқарылып жатқан жұмыс туралы күнделікті есеп дайындап, тұрғындарды экологиялық науқанға белсене атсалысуға шақыру.
Жәнел Өтеулі