Франция Газа секторына әуеден 40 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті .
Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде хабарлады. Ол көмекті әуеден тастау жеткіліксіз екенін айтып, Израильден гуманитарлық көмекті жеткізуге жағдай жасауды талап етті. Бұған дейін де Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері және Испания сияқты мемлекеттер де палестиналықтарға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Ал Израиль халықаралық қысымнан кейін Газаның үш ауданында күн сайын 10 сағаттық гуманитарлық үзіліс жасауға келісті. Дегенмен, көмектің нақты қалай таратылатыны әзірге белгісіз.