"Қазгидромет" РМК 24-26 мамыр аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

"Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ыстық жаз бір келмей-ақ қойды. Ел аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен найзағай әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон жылжып келе жатыр. Ол батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады", — деп түсіндірді синоптиктер.

25 мамырда Батыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус үсік жүреді деп күтіледі.