Бүгін елдің көлік саласының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Атаулы дата ресми түрде 1998 жылдан бері тамыз айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бүгіндері бұл салада 770 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алысты жақын етіп, аманатқа сызат түсірмей еңбек етіп жүрген сала мамандарына жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр. Биылғы алты айда Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 млн жолаушы тасымалданып, жүкті жеткізу көлемі 11%-ке артты. Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай қызметте жүрген азаматтардың ел экономикасын еселеуге қосар үлесі зор. Бұл бағытта аянбай тер төккен көлік саласының майталмаңдары мен қызметкерлері мереке қарсаңында ерекше құрметке бөленді.