Қазгидромет 5, 6, 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклон өтеді. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел соғады. 6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, 7 тамызда республиканың солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

"Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі ауа температурасы +2…+13°С-тан +5…+18°С-қа дейін, күндізгі температура +15…+25°С-тан +18…+30°С-қа дейін көтеріледі", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget