11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн форматқа ауыстырады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл рәсім толық онлайн форматқа көшірілді.
ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады?
- egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіріңіз;
- Онлайн өтініш жіберіңіз;
- Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз, жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды.
Жүйе сізді танымаса...
Осыдан кейін ЭЦҚ кілті бірден, ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз онлайн түрде беріледі. Кейде жүйе сізді тани алмауы мүмкін. Мысалы базада сурет болмаса немесе техникалық ақау шықса, жүйе 5 рет биометриялық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталған соң ғана ХҚКО-ға жүгіну мүмкіндігі пайда болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!