Бүгін Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша айыптау актісі оқылды , деп жазады Egemen.kz.

Е.Ж.Жиембай, Шымкент қаласының аумағында жеке адамға қарсы аса ауыр дәрежелі қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға оқталған.

Яғни, Е.Жиембай 2025 жылдың сәуір айының 21-күні 13 сағат 30 минут шамасында Шымкент қаласы, Республика даңғылының №12 «А» мекен-жайда орналасқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің ғимаратында мердігерлердің жиналысын өткізген.

Содан Е.Ж.Жиембай, Шымкент қаласы әкімдігінің Құрлыс нысандарының мониторинг жүргізу басқармасының бөлім басшысы А.М.Кенжебековтен ұялы телефон арқылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р.А.Берденовтің «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры лауазымынан өз еркімен арыз жазып кетсін дегені туралы айтқанын естіп, адамды өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойы пайда болған.

Сол сәтте Е.Ж.Жиембай, ЖШС-нің ғимараттан шығып, А.Т.Молдабековтің басқаруындағы «Volswagen Passat» маркалы мемлекеттік белгісі 730AON17 санды автокөлік құралымен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №17 «А» үйіне бара жатып, тергеу барысында анықталмаған дүкеннен 1 бөтелке спирттік ішімдік сатып алған.

Содан Е.Ж.Жиембай, сатып алған спирттік ішімдігін А.Молдабековтің басқаруындағы көлік құралының ішінде ішіп, соңғының басқаруындағы көлік құралымен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Назарбаев даңғылы, №17 «А» үйдің жертөлесіне (паркинг) келген.

Осы сәтте Е.Ж.Жиембай, заңды некедегі жұбайы Л.А.Алданованың атына тіркелген «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті басқаруға А.Т.Молдабековке беріп, соңғымен бірге Шымкент қаласының аумағында жүрген.

Содан Е.Ж.Жиембай, адамды өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың сәуір айының 21-күні 18 сағат 00 минут шамасында Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Самал-1 м/а, №387 үйіне Б.О.Момыновты шақырған.

Осылайша, Б.О.Момынов, Е.Ж.Жиембайдың мекен-жайына «БМВ 520» маркалы мемлекеттік белгісі 825 АХҒ 13 санды автокөлігімен келген.

Е.Ж.Жиембай өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын Б.О.Момыновқа жария етпей және оның кедергі келтірмеуі үшін, үйінде сақталған 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруды аңшылыққа қолданатындығын айтып, басқарып келген «БМВ 520» маркалы мемлекеттік белгісі 825 АХҒ 13 санды автокөлігінің жүк салғышына салып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданында ағасы жолығып алатындығын жалған айтқан.

Е.Ж.Жиембай, өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың сәуір айының 21-күні 19 сағат 15 минут шамасында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №160 мекен-жайда орналасқан «Сейтжан қари Есжанұлы» атындағы мешіттің тұрағына келген.

Сол мезетте Е.Ж.Жиембай, Б.О.Момыновтың ұялы телефонына қоңырау шалу арқылы Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №160 мекен-жайда орналасқан «Сейтжан қари Есжанұлы» атындағы мешіттің тұрағына шақыртып, соңғының басқарып келген көлік құралының жүк салғышында болған 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруды алып, А.Молдабековтің басқаруындағы «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөліктің жүк салғышына салып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 м/а, Қожаберген жырау көшесінің аяқталған жеріндегі жазыққа А.Молдабековпен бірге келген.

Онда Е.Ж.Жиембай, 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруымен 9-дана «SAFARI PROFESSIONAL 2/3,75 мм. 12/70 Стандарт 32г.» патрондарды атып көріп, аңшылық қарудың атуға жарамды екендігін көзін жеткізген.

Сөйтіп Е.Ж.Жиембай, адамды өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойын сәтті жүзеге асыру үшін А.Т.Молдабековке өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын жария етпей соңғыға «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті басқартып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Назарбаев даңғылы, №17 «А» үйдің жер төлесіне (паркинг) келген.

Әрі қарай Е.Ж.Жиембай, жоспарлаған қылмыстық ойын сәтті жүзеге асыруға А.Т.Молдабековтің кедергі келтірмеуі үшін көлік құралынан түсіріп, Е.Ж.Жиембай «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті көлік құралын 21.04.2025 жылғы психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың №11347 санды қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарып Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Самал-1 м/а, №387 үйіне қайтатын сыңай танытып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №10 мекен-жайда орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына басқарып келген.

Содан Е.Ж.Жиембай, Р.А.Берденовті өлтіруге бағытталған ойын соңына дейін жеткізу үшін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №10 мекен-жайда орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің «В» корпус ғимаратының алдындағы автотұрақта, соңғының әкімшілік ғимаратынан шыққанын күтіп отырған.

Осылайша Е.Ж.Жиембай, 2025 жылдың сәуір айының 21-күні 20 сағат 55 минут шамасында Р.А.Берденовтің Шымкент қаласы әкімдігінің «В» корпус ғимаратынан шыққанын көріп, соңғыға қарай 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруымен жүгіріп келе жатып, қолындағы аңшылық қаруын оқтап, «KIA K8» маркалы мемлекеттік белгісі 514 AJ 17 санды қызметтік автокөлікті айналып қашып жүрген Р.А.Берденовті қасақана өлтіру мақсатында 5 рет «SAFARI PROFESSIONAL 2/3,75 мм. 12/70 Стандарт 32г.» патрондарды атып, 12.06.2025 жылғы №4430/123-комп санды кешенді сот-медициналық және сот-медико-криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес «Оң кеуде торына еніп оң өкпенің төменгі бөлігін, қабырға аралық артерияларын, диафрагманы көптеген жарақаттаумен бытыралары оққару жарақаты; оң жақ кеуде қуысына қан мен ауаның жиналуы (гемопневмоторакс); іш қуысына еніп бауырдың VI, VII және VIIІ сегменттерінің көптеген жарақаттауымен бытыралары оққару жарақаты; ішкі қан кету; оң бүйрегінің көптеген бытыралары оққару жарақаттары; оң иығының және білегінің көптеген бытыралары оққару жарақаттары; сыртқа қан кету; плевропульмоналды және гемораггиялық шок», денсаулыққа АУЫР дәрежелі дене жарақатын салған.

Әрі қарай Е.Ж.Жиембай, жарақаттанған Р.А.Берденовтің жерде құлап жатқанын көріп, қасына жүгіріп барып, қолында болған 12 калибрлі сериялық нөмірі 00404298 «Сайга-12» маркалы аңшылық қаруымен бақылаулы (контрольный) оқ атуға іс-әрекет жасаған, алайда оқ дәрілердің таусылуына байланысты бақылаулы (контрольный) оқ атуға мүмкіндігі болмаған.

Содан Р.А.Берденов орнынан тұрып, Е.Ж.Жиембаймен алысып жатқан кезде оның қарсыласуына байланысты соңғының қолындағы қаруы жерге түскен сәтте М.Н.Калымбетов «КІА К8» маркалы 514 AJ 17 санды қызметтік көлік құралымен соғып, Р.А.Берденовті өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық іс-әрекетін тоқтатқан.

Осылайша Е.Ж.Жиембай, Р.А.Берденовті өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық іс-әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлармен ақырына дейiн жеткізе алмаған.

Сонымен, Жиембай Ернар Жиембайұлы адамды өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойын өзіне байланысты емес мән-жайлармен ақырына дейiн жеткізе алмай, өзінің осы іс-әрекетімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға оқталған.