Бөлімдер
Негізгі

Доллар 573 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Доллар 573 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Бұған дейін Қазақстан қаржыгер қауымдастығы шетел валютасының бағамы 548,5 теңгеге жетеді деп болжаған. Енді бір айлық болжам да өзгерді — 523,4-тен 541,7 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұйым болжамның нашарлауын келесі факторлармен түсіндіреді: валюта нарығындағы тұрақсыздық, сауда балансының профицитінің төмендеуі, валютаға сұраныстың артуы және шикізат бағасының ауытқуы.

Инфляция бойынша бір жылда 10,4%-дан 11,3%-ға өсті. Бұған салық өсуі, бизнес шығындарының артуы және теңгенің құнсыздануы аясында импорттың қымбаттауы себеп. Базалық мөлшерлеме бойынша болжам 14,75%-тен 15,25%-ға өсті, нақты мөлшерлеме — 4,9%-ға дейін.