Штабқа Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық етеді .

Бұл жөнінде үкіметте өткен жиында мәлім болды. Президенттің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда тоғыз бағыт белгіленген еді. Олар экономика, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, киберқауіпсіздік және тағы басқа салалар. Бүгінде еңбек өнімділігін арттыру үшін өндіріске жасанды интеллектіні енгізудің жол картасы әзірленіп жатыр. Алайда құқықтық базадан бөлек деректерді өңдеу, суперкомпьютердің қуатын бөлу бойынша регламенттің жоқтығы, QazTech платформасына толық көшу сияқты мәселе әлі де жетіп артылады. Олжас Бектенов осы түйткілдерді тездетіп шешуді тапсырды. Осы орайда, үкімет жақын арада нақты мерзімдерді белгілеп, тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдайды.