Бурятияда орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды 24kz.

Қызыл жалыннан 14 мың гектар жер жанып кетті. Жергілікті орман шаруашылығы агенттігінің мәліметіне қарағанда, аймақта 21 өрт ошағы анықталған. Тілсіз жаумен күреске 500 өрт сөндіруші, жүздеген техника жұмылдырылды. Апат болған жерді бақылау үшін дрондар да пайдаланылып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Еске салайық, Бурятиядағы орман өрті биыл наурыз айында басталды. Қызыл жалынның басым бөлігі отты абайсыз пайдаланудан шыққан.