Астанада спорт күніне орай дойбыдан қалалық чемпионат басталды, деп хабарлайды 24kz.

Жарысқа жүзден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында оқушылар мен студенттер, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Чемпионат швейцариялық жүйе арқылы өтеді және екі күнге созылады. Ойыншылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара мықтыларды анықтайды.

Алима Қасым, жарысқа қатысушы:

- Стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын ойын түрі болғаннан кейін база кезден бастап дойбы ойнап келеміз. Бүгін Астана қаласының чемпионатына келіп отырмыз. Өте күшті партиялар болады деген ойдамын.

Қалқеш Әбішев, қалалық дойбы федерациясының президенті:

- Бұл бір жағынан ҚР чемпионатына іріктеу жарыстары. Сондай-ақ бізде оқушылар арасында Астана қаласында Олимпиада өтейін деп жатыр. Соған да іріктеу жарысы болайын деп жатыр. Басты мақсат үлкен буыннан бастап жастар мен жасөспірімдерді дойбы спортына баулу.